Македония президенті Георге Иванов елінің атауын «Солтүстік Македония» деп өзгерту үшін ешқандай келісімшартқа қол қоймайтынын мәлімдеді. Бұл туралы «meydan.com.tr» агенттігі хабарлайды.
Иванов өзінің ұстанымын кеше, 13 маусымда хабарлап, бұл шешім елдің Конституциясы мен заңына қайшы болғандықтан, ешқандай келісімшартқа қол қоймайтынын мәлімдеді. Сондай-ақ, ол Грекия тарапынан хабарланған осындай мәмілені Македонияның премьер-министрі Зоран Заев пен Сыртқы істер министрі Никол Димитровтың «өз беттерінше, ойласпай жасаған шешімдері ғана» деп хабарлап: «Олар осы істері үшін «жауапкершілікке тартылады» , - деді.
Естеріңізде болса, Грекияның премьер-министрі Алексис Ципрас екі ел арасында көптен бері бітпес дауға айналған ел атауы мәселесіне қатысты екіжақты келісімге қол жеткізілгенін мәлімдеген болатын. Сөйтіп, Македонияның ендігі жерде «Солтүстік Македония» деп аталатынын ресми түрде хабарлап жіберген еді.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы