Түркіменстан үкіметі күнкөріс үшін шет елдерде жұмыс істеп жүрген түрікмен азаматтарын елге қайтару шараларын қолға алды. Бұл туралы ca-news.org агенттігі хабарлайды.
Қазіргі уақытта түрікмен шенеуніктері «ескі төлқұжаттармен» шет мемлекеттерде жүрген азаматтарына үш апта ішінде жедел түрде жаңа құжат жасап беруге, сонымен қатар, Көші-қон туралы заңды бұзып, шетелде жүргендердің жауапкершілікке тартылмайтындықтарына уәде берген. Осы күндері мигранттарды отандарына қайтару мәселесіне қатысты келіссөздер жалғасуда. Бұдан бұрын Түркіменстан билігінің шет елдерде жұмыс істеп жүрген әрі Түркіменстанның Көші-қон туралы заңын бұзушы азаматтарға қандай жаза тағайындалатынына қатысты мәселені күн тәртібіне шығарғаны белгілі. Енді, биліктің соңғы мәлімдемесіне сәйкес, осы жазадан қашып жүрген түрікмен азаматтарына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Түрікмен ақпарат құралдарының хабарларына қарағанда, қазіргі сәтте шетелде жұмыс істеп жүргендердің туыстары мен жақындарына оларды елге шақыруға өтініштер жасалған. Тағы айта кететін бір жайт, бейресми мәліметтер жоғарыдағыдай уәделерден бөлек, олардың туыстарына қысым көрсетіліп жатқанын, әсіресе мемлекеттік қызметкерлерге туыстарын қайтаруға қатысты талап пен қысымның күшейгені туралы хабар таратуда.
Түрікменстан үкіметінің шетелде нан тауып жүрген өз азаматтарын не үшін отандарына қайтаруға кіріскені туралы нақты әрі анық мәлімет жоқ. Айта кету керек, түрікмендер күнкөріс қамы үшін негізінен Түркия еліне көп барады. Түркияның Көші-қон қызметінің деректеріне сәйкес, тек 2016-2016 жылдардың өзінде шамамен 30 мың түрікмен азаматы Түркияда ресми түрде тіркелген. Ал, соңғы уақытта олардың басым көпшілігі көбінесе Әзірбайжан, Өзбекстан және Қазақстанғақарай ағыла бастаған.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді