Еуропа Одағына (ЕО) мүше болудан үміткер төрт мемлекет Брюссель тарапынан Ресейге салынатын санкцияға қолдау білдіруде. ЕО Ресейге осы жылдың наурыз айында Қырымда «сайлау» өткізгені үшін санкция салған еді.
Албания, Черногория, Норвегия және Украина елдері ЕО-тың Ресейге қарсы санкция салуын құптап, қолдау көрсететіндіктерін мәлімдеді. Бұл туралы кеше, 12 маусым күні ЕО-тың сыртқы саясат және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі жоғары өкілі Федерики Могерини хабарлады.
Естеріңізге салайық, 14 мамыр күні ЕО Ресейдің Қырымда президенттік «сайлау» өткізгені үшін антиресейлік санкция енгізетіні туралы мәлімдеген еді. 18 наурызда Ресейде президент сайлауы өткені бәрімізге белгілі. Сол уақытта кезінде ресми Мәскеу тарапынан күштеп басып алынған Қырымда да сайлау өткізуге шешім шығарылып, бұл Украина билігінің наразылығын тудырған еді. Украина халықаралық ұйымдар мен ірі елдерге Қырымдағы сайлау қорытындыларын мойындамауға шақырып, өтініш жасаған болатын. Украина президенті Петр Порошенко «сайлауды» халықаралық құқық бұзушылық деп атап, Кремльге қысымды күшейтуге шақырдды. Ал қазір өзге елдер де Ресейге санкция салынуын талап етуде..

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы