Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытай мемлекеттік кеңес премьері Ли Кэшанмен кездесті. Екі жақ қос ел арасындағы сауда-экономикалық мәселелерді талқыға салды. Бұл туралы "Tengrinews" порталы хабарлады.
Бейжіңде өтіп жатқан жиында Нұрсұлтан Назарбаев Қытай елі Қазақстанның ірі серіктесі атанғанын жария қылды.
"Қос ел арасындағы әріптестік қарым-қатынас жаңа деңгейге көтерілді. Қытай Қазақстанның ең ірі серіктестерінің біріне айналды. Мемлекетаралық сауда-саттық көлемі жыл сайын ұлғайып, экономиканың дамуына серпін берді. Сіздер ұсынған индустрализациялау жобасы осы күні қарқын алып, бірнеше жобаны сәтті жүзеге асырып жатырмыз. Бас-аяғы 51 бірлескен жобаға қол қойған едік. Оның жалпы құны 28 млрд долларды құраған. Осының арқасында энергетика, транспорт және ауыл шаруашылығы салаларында оң өзгеріс байқалады" - деді, Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекет басшысы өз сөзінде екі елге ортақ мұнай құбыры барын айтты. Одан бөлек, "Орталық Азия-Қазақстан" көгілдір отын желісі жұмыс істеп тұр. Бірнеше жылдың ішінде аталған құбырлар арқылы Қытайға үлкен көлемде мұнай мен газ тасымалданған. Қытайлық тараптың сұранысы бойынша, алдағы жылы көрші мемлекетке берілетін мұнай көлемі анағұрлым арта түспек. Тараптар тиісті құжаттарға жақында қол қоюы да мүмкін.
Кеше Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытай еліне ресми іссапармен барған. Мемлекет басшысы Қытай төрағасы Ши Жиңпиңмен жолығып, Шиндау қаласында өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатыспақ.
Әзірге, Нұрсұлтан Назарбаев осы сапарында Қытайда қысым көріп жатқан этникалық қазақтардың мәселесін көтере ме, жоқ па әзірге белгісіз.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді