Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесу үшін америкалық делегациядан тізерлеп отырып, рұқсат сұраған. Бұл туралы Ақ үй адвокаты Рудольф Джулиани "Bloomberg" агенттігіне берген сұқбатында айтқан.

Рудольф Джулиани
"Олар біздің вице-президентке және ұлттық қорғаныс жөніндегі кеңесшімізге тіл тигізді. Олар ядролық соғыс жариялап, кескілескен ұрыста бізді талқандаймыз деп сес көрсетті. Осыдан кейін біз саммит өткізуден бас тарттық. Мұны естіген Ким Чен Ын біздің делегациядан кездесу өткізуден бас тартпауымызды өтініп, тізерлеп отырып жалынды" - дейді, Рудольф Джулиани.
Өткен айдың соңында Трамп Солтүстік Корея басшысына хат жазып, саммит өткізуден бас тартқанын мәлімдеген еді. Тараптар жиыны осыған дейін Сингапурде өтеді деп жоспарланған. Алайда оған корейлік тарап қатыспағандықтан, басқосу түбінде ұйымдастырылмады. Енді, қос ел президенті ымыраласып, сиырқұйымшақтанған жиынды ақыры ың-шыңсыз өткізуге уағдаласқан екен. Соңғы мәлімет бойынша, тараптар 12 маусым күні Сентос аралында жолықпақ.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы