Ресей президенті Владимир Путин: «Шанхай ынтымақтастық ұйымы алып әскери күшке ие» - деп мәлімдеді.

Владимир Путин Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті қарсаңында Қытай телеарналарының біріне сұхбат берген. Онда ол: «ШЫҰ алып әскери қуатқа ие. Бірақ біз бұл күшті біреуге қарсы пайдаланбаймыз. Әскери күш ұйымға мүше елдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және өзге елдермен байланыс орнатуға қажет. Біз кез келген құрлықтағы елмен байланыс орнатуға дайынбыз. Шанхай ынтымақтастық ұйымының алып күш екендігі дәлелдеуді қажет етпейді. Себебі әлем халқының 43 пайызы мен ЖІӨ-нің төрттен бірі біздің елдерімізге тиеселі» - деп мәлімдеген.

Естеріңізге салайық, маусым айының 6-ы мен 10-ы күндері аралығында Қытайдың Чиндау (Чиндао) қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтеді. Оған Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Иран, Үндістан, Пәкістан елдерінің мемлекет басшылары қатысады деп жоспарлануда.

“The Qazaq Times”