БҰҰ-на қарасты Халықаралық Рахымшылық ұйымы (Amnesty Internation) АҚШ жетекшілігіндегі одақ күштері Сүрияның солтүстігіндегі Ракка қаласында қаза тапқан жүздеген азаматтың өліміне себепкер, деп мәлімдеме жасады. Бұл туралы «20minutes.fr» хабарлайды.
Ұйымның мәлімдемесіне сәйкес, АҚШ-тың жетекшілігіндегі одақ күштері террорлық ұйым ДАИШ-тың бейресми «астанасы» Раккада ұйымдастырған әскери қимылдары жүздеген адамның өліміне себеп болған. Рахымшылық ұйымы Халықаралық дағдарыс ұйымы Донателла Ровера: «Шабуылдар кезінде көптеген азамат өлтірілген. Негізінен қайғылы оқиға бірнеше айдан кейін де зерттелмеген. Қаза тапқан құрбандар үшін әділдік керек» , - деді. Одақ күштерінің мәлімдемелерінде Ұлыбритания мен Францияның да қатысуымен АҚШ пен оның одақтастарының ДАИШ-қа шабуыл жасауды көздегендері және қаланың ауқымды бөліктерінің қиратылуына әкеп соққан қайғылы оқиғалар кезінде де қаза тапқандар тіркелгенін айтты.
Халықаралық Рахымшылық ұйымының Ұлыбританиядағы директоры Кейт Аллен, "Ұлыбритания осы қайғылы оқиғаға қатысы барын мойындауы керек. Ракка қаласында азаматтар ДАИШ-тан аяусыз қысым көрді. 200-ден астам әуе шабуылы орын алған Раккада Ұлыбритания АҚШ пен өзге одақтастарымен бірге жасаған операцияларында адам шығынына жол бермеу үшін қолға алған әдістерін көрсетулері керек», - деді. Ол сонымен қатар, Қорғаныс министрлігін «Раккадағы шабуылдар жөнінде дұрыс мәліметтерді жариялауға» шақырды.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді