Беларусь президенті Александр Лукашенко «Бессмертный полк бұрын болған жоқ» - деп мәлімдеді.
Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметінше, маусым айының 2-і күні Александр Лукашенко Брест қамалы аумағында баспасөз мәслихатын өткізіп, 9 мамыр күні өтетін «Бессмерный полк» шеруін қатаң сынға алған. Ол онда: «Біз осыдан 20 жыл бұрын өзіміздің туымызбен, өзіміздің төсбелгімізбен «Беларусь помнит» шеруін өткізуді бастағанбыз. Ол кезде «Бессмерный полк» деген болған жоқ. Енді біз өзіміздің тарихымызды, дәстүрімізді ұмытып біреудің артынан жүгіруіміз керек пе? Бұл ақылға сыймайтын әрекет. Жеңіс күнін жекешелендіруге болмайды» - деген.
Естеріңізге салайық, мамыр айының 9-ы жеңіс күніне орай Қазақстанда да"Бессмерный полк" шеруі өткен. Оғаны мыңдаған адам қатысып, шеруге Кеңес одағының туларын, соғыста көз жұмған ата-бабаларының суреттерін алып шыққан. Бірақ 9 мамырда болған бұл шеру қоғамдық пікірді кезекті рет екіге бөлген. Бірі "Бессмерный полк" Ресейдің сананы улау үшін жасаған саяси құралы" десе, енді бірі "бұл соғыста көз жұмған ата-баба рухына тағзым" деген.


















Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?