Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірліктері АҚШ-тан әскери көмек сұрады – деп хабарлайды «The Wall Street Journal» басылымы.

Басылым мәліметінше, Сауд Арабиясы мен БАӘ АҚШ-тан Ходейд портын «Ансар Аллах» террорлық ұйымының иелігінен азат ету үшін АҚШ-тан әскери көмек сұраған. Ресми Эр-Рияд пен Абу-Дабидің пікірінше, Йемендегі 29 миллион халықтың тағдыры Ходейд портымен тікелей байланысты және оны азат етуге АҚШ-тың көмегі «ауадай» қажет.

Естеріңізге салайық, бұған дейін Пентагон Сүрия мен Иракта «Ислам мемлекеті» террорлық ұйымына қарсы әскери операцияның екінші кезеңіне көшетіндігін мәлімдеген. Осыдан кейін ресми Дамаск АҚШ-тан Сүрия аумағынан әскерін шығаруды талап еткен.

“The Qazaq Times”