Еуропа одағы (ЕО) комиссиясы пластикалық қаптама, түтікше, қасық және шанышқы секілді бір реттік ыдыс-аяқтардың өндірісіне тыйым салмақшы.
ЕО Комиссиясы қоршаған ортаның ластануымен күрес үшін пластикалық кейбір заттарға тыйым салатын жобасын жарияламақ. Германиялық «Funke Medya» агенттігінің хабарлауынша, Комиссия күнделікті тұрмыста бір рет қана пайдаланылатын заттарды Еуропа мүшесі елдерінде тыйым салуға дайындалуда.
Еуропа одағы қоршаған орта мен теңіз суларының тазалығы үшін көбінесе қоғамдық орындарда жиі қолданылатын бір реттік ыдыс-аяқтардан толықтай бас тартпақ. Сонымен қатар, күнделікті қолданыстағы бір реттік пакеттер мен медицина саласындағы тағы да сондай пластикалық заттар да енді жарамсыз қалмақ. ЕО Комиссиясының қаржылық істер жөніндегі комиссары Гюнтер Эттингер пластикалық қоқыстар үшін белгілі бір мөлшерде салық енгізуді ұсынды. «ЕО-қа мүше әрбір ел қолданылмаған пластикалық қалдықтардың әрбір келісі үшін 80 цент ЕО бюджетіне салық төлесін», - деді ол.
ЕО Комиссиясының айтуынша, әлем бойынша теңіздегі қоқыстардың 85 пайызы пластикалық өнімдер қалдығы екен.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті