Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Таулы-Қарабақ мәселесін сайлау алды бағдарламасына енгізді – деп хабарлайды oxu.az ақпарат көзі.
Оxu.az мәліметінше, Режеп Тайып Ердоған жергілікті «Sabah» басылымына өзінің сайлау алды бағдарламасын жариялаған. Онда Түркия президенті «Таулы Қарабақ мәселесінде ресми Анкара мен Баку күш біріктіріп, Әзірбайжан жерін қайтарып алуы тиіс» - деп мәлімдеген.
Естеріңізге салайық, 18 сәуір күні Режеп Тайып Ердоған Түркияда мерзімінен бұрын президент және парламент сайлауы өтетіндігін мәлімдеген. Анкара шешімі бойынша, кезектен тыс президент және парламент сайлауы маусым айының 24-іне белгіленген.


















Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?
31 мамыр: Ұмытылған әлде билік әдейі ұмыттырғысы келген тарих па?