Қазақстан 2018 жылы алты бірдей қазақ-қытай инвестициялық жобасын іске қоспақ.

Инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбектың сөзінше, қазіргі таңда қазақ-қытай инвестициялық жобасы аясында жалпы құны 7 миллиард долларды құрайтын 11 нысанның құрылысы басталған. Соның ішінде 6 нысан 2018 жылы пайдалануға берілмек.

Жалпы, қазақ-қытай инвестициялық жобасы аясында Қазақстан аумағында 51 нысан салу жоспарланған. Қазіргі уақытта Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қостанай облыстарында жалпы құны 143 миллион долларды құрайтын 4 нысан іске қосылған.

Естеріңізге салайық, осыдан бірнеше жыл бұрын Қазақстан аумағында қытайлық компаниялар салатын 51 нысанға байланысты дау туған. Қазақстан халқы қытайлық компаниялардың ел аумағында зауыт салуына қарсы шыққан.

“The Qazaq Times”