Қазақстан Сыртқы істер министрлігі ресейлік әріптестеріне мәлімдеме жолдап, ресейлік депутаттыңүние жүзіндегі орыстарды, соның ішінде Қазақстанда тұратын отандастарын қорғау" жөніндегі мәлімдемесіне алаңдайтынын білдірді. Бұл туралы «Орталық Азия хабар» қызметі жазады.

Бұндай мәлімдемені Мемлекеттік думаның ТМД істері жөніндегі комитетінің мүшесі Павел Шперов 26 қаңтарда Мемлекеттік думадағы дөңгелек үстел отырысында айтқан.

1 ақпанда Қазақстанның сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Мұхтар Тілеубердин мен оның ресейлік әріптесі Григорий Карасин телефон арқылы сөйлескені хабарланды. Қазақстан СІМ мәлімдемесі бойынша, қазақ-орыс қарым-қатынасы достастық және одақтастық келісім, екі ел арасындады мемлекеттік шекаралар туралы келісім негізінде дамитытын атап өтті.

"Депутаттың (Шперовтың) мәлімдемесінде оның Қазақстанға территориялық талабы туралы да айтылды. Ресейлік тарап Қазақстанның СІМ мәлімдемесін дұрыс қабылдағанын айтты", - делінген министрлік таратқан мәлімдемеде.

Ресейлік «Интерфакс» ақпарат агенттігі Мемлекеттік думаның халықаралық істер жөніндеші комитет басшысы Леонид Слуцкийдің мәлімдемесін таратты. Слуцкий "Мәскеуде Қазақстан жерлерін Ресей бақылауына қайтару туралы мәселе ешқашан көтерілген емес" деген.

“The Qazaq Times”