23-24 маусым күндері аралығында Алматы қаласындағы «Боралдай» археологиялық паркінде «Ұлы дала – көшпенділер әлемі» Халықаралық этно-мәдени фестивалі өтеді. Фестивальға Түркия, Моңғолия, Башқұртстан, Тыва, Украина, Дағыстан, Қалмақ Республикасы, Өзбекстан, Якутия, Бурятия, Саха Республикасы және Қырғызстан елдерінің үздік өнерпаздары қатысады.
Фестивальға жиналған халық көшпенділердің өткен дәуіріне саяхат жасайды. Түрлі іс-шаралар, викториналық ойындар мен сайыстардан сыйлықтар ұтып алып, қызықты шеберлік сабақтарына қатысып, көңіл көтереді. Мысалы, жігіттер күш сынасып, палуандар сайысына түссе, қыз-келіншектер ұлттық тағамдарды ескі тәсілдермен дайындаудың құпиясымен танысады. Сондай-ақ, көрермендер арасында «Ең әдемі ұлттық киім» байқауы ұйымдастырылып, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталады.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?