Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Ресей басшысы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті – деп хабарлайды Кремль баспасөз қызметі.

Кремль мәліметінше, тілдесу барысында екі ел басшылары 2017 жылы Шавкат Мирзиеевтың Мәскеуге жасаған іс-сапары кезіндегі келісім бойынша жұмыс істеуге уағдаласқан.

Бұдан бөлек Шавкат Мирзиеев өзінің жақында АҚШ-қа жасаған ресми іс-сапары жөнінде әңгіме қозғаған.

Естеріңізге салайық, Шавкат Мирзиеев мамыр айының 15-і мен 17-і күндері аралығында Уашингтонға ресми іс-сапармен барған. Онда ол АҚШ президенті Доналтьд Трамппен кездесіп, құны 5 миллиард долларды құрайтын 40-қа жуық құжатқа қол қойған.

“The Qazaq Times”