2050 жылы Орталық Азия елдерінің халқы 94,2 миллион адам болады.
Біріккен Ұлттар Ұйымының экономика және әлеуметтік мәселелер департаментінің зерттеулері бойынша, Орталық Азия елдері халқының саны 2050 жылы 94,2 миллион адамды құрайтын болады. Атап айтқанда Қазақстан халқы 23 миллион, Өзбекстан халқы 40,8 миллион, Тәжікстан халқы 14,5 миллион, Қырғызстан халқы 8,1 миллион, Түркіменстан халқы 7,8 миллион адам болады.
Ал біздің солтүстіктегі көршіміз Ресей халқының саны 2050 жылға қарай керсінше азаяды. БҰҰ-ның болжамы бойынша, 2050 жылы Ресей халқының саны 133 миллион адам болады. Себебі қазірдің өзінде 2015 жылмен салыстырғанда Ресей халқының саны 20 миллион адамға азайған.