Қытай билігі Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданындағы әрбір мұсылман отбасына Коммунистік партияның өкілдерін орналастыруға түбегейлі шешім шығарды, деп хабарлайды islamianaliz.com агенттігі.
Осылайша, әрбір мұсылман отбасына миллионнан астам коммунистті орналастыру жоспарлануда. Биліктің бұл шешімі «терроризм, сепаратизм және діни экстремизм күштеріне» қарсы науқан аясында қабылданған. Аталған ақпарат агенттігінің хабарлауынша, коммунистер мұсылмандардың үйлерінде ай сайын кем дегенде бір апта тұратын болады. Енді бұдан былай, діндес бауырларымыз «шақырылмаған қонақтарына» өздерінің жеке өмірлері мен саяси көзқарастары туралы толық баяндап беруге міндетті.
Одан бөлек, басқарушы партия өкілдері мұсылмандарға арнап «саяси сауатсыздықты жою» курстарын жүргізбекші. Халықаралық адам құқықтарын қорғау ұйымы (Human Rights Watch) КХР-ның бұл бастамасын Шыңжаң Ұйғыр автономиясындағы тұрғындардың құқықтарын бұзушылық деп атады. «Өздерінің жүрген-тұрғандары мен істеген істерін бағып-қағып, аңдып отыратын адамдарды үйлеріне орналастыруға күштеп көндіруден артық тағы қандай қатігездік болсын?», - деді HRW ұйымының Қытай істері жөніндегі маманы Майа Ван. Бұдан бұрын да шамамен 120 мың мұсылманның Қашғар қаласындағы саяси білім беру лагеріне жіберілетіндігі хабар тараған еді. Білетіндердің айтуынша, ол жерде мұсылмандарды революциялық әндер жаттауға, қытай тілінде сөйлеуге мәжбүрлейтін көрінеді.
Қытайдағы мұсылмандар дегенде, оның ішінде өзіміздің де қаракөз қандастарымыз бар. Бұл мәселе — қазақ қоғамының бүгінгі таңдағы ең басты дертіне айналуда. Арғы беттегі ағайын осылай жазықсыз қысастық көріп жатқанда, біздің биліктің араша түсетін уақыты келген сияқты.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті