Кеше өткен АҚШ пен Қытай өкілдерінің сауда келіссөзі аяқталғаннан кейін, екі тарап та қандай да бір жаңа серпіліс туралы мәлімдеме жасамады. Ақ үйдің баспасөз қызметінің айтымында, тараптар бүгін келіссөзді жалғастыруға келісім берген. Ақ үй тарабының мәлімдемесінде, АҚШ-тың келіссөз өкілдері Қытайға президент Трамптың «әділ сауда қарым-қатынасын орнату» талабын қайталай ұсынғалы отырғаны айтылды. Бұл туралы «WSJ» басылымының ресми сайты хабарлады.
Қытай Коммунистік партиясы Саяси бюросының мүшелері, Қытай Мемлекеттік Кеңесінің вице-премьері Лю Хы басқарған қытайлық делегация бейсенбі күні таңертең, АҚШ Қазына министрі Нучин басқарған делегациясымен сауда келіссөздерінің екінші айналымын ашты. Аталмыш келіссөздегі АҚШ-тың негізгі ұстанымы –Қытайдың АҚШ-қа саудалық профицитін азайту және зияткерлік меншік құқықтарын қорғауды күшейту.
Кеше АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйде Қытай сауда делегациясының жетекшісі әрі Ши Жинпиңнің (Си Цзиньпин) экономика жөніндегі кеңесшісі Лю Хыны қабылдады. Келіссөздер басталған кезде жасаған Трамптың мәлімдемесінде, сөйлесудің нәтижелі болатынына сене алмайтынын, себебі Қытай ұзақ жылдардан бері «өзімшіл сауда саясатына» үйренгенін айтқан.
Айта кетейік, Қытай сауда делегациясымен қатар Трамп Ақ үйде НАТО бас хатшысы Столтенбергпен де кездесу өткізуде.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы