Еуропа одағы Біріккен Штаттардың Иранның ядролық келісімшартынан шығу туралы шешіміне жауап дайындап жатыр. Бұл туралы ЕО-ның АҚШ-тағы елшісі Дэвид О'Салливан мәлімдеді. Оның айтуынша, Брюссель жақын күндері Иранмен серіктестік жасағандары үшін Уашингтон тарапынан санкцияға ұшырауы мүмкін компанияларын қорғау мақсатында бірқатар шаралар дайындауда.
«Біз АҚШ-тың еуропалық компанияларға тағы да санкция салуы мүмкін екенін есепке алуымыз керек», - деп мәлімдеді О'Салливан 14 мамыр күні Уашингтондағы аналитикалық орталықта сөйлеген сөзінде. Оның айтуынша, еуропалық лидерлер аталған мәселеге байланысты «жақын күндері» батыстық компания акционерлері мен серіктестерімен бірқатар кездесу өткізбек. Одан бөлек, ЕО-на мүше мемлекеттер 17 мамыр күні Болгарияда өтетін ЕО-Балқан елдері саммитінде АҚШ-тың санкцияларына қарсы жауаптар дайындамақ. О'Салливанның сөзінше, олар сол саммитте Ирандағы еуропалық компаниялардың мүдделерін сақтау үшін, сонымен қатар өздерінің инвестицияларын АҚШ-тың санкциясынан қорғау мақсатында «келісілген және бірегей саяси шараларды» жан-жақты қарастырмақ.
Еске салайық, 8 мамыр күні АҚШ президенті Дональд Трамп 2015 жылы Иранмен және әлемдік алты ірі державамен жасалған Иранның ядролық келісімшарынан шығатыны туралы жариялаған еді.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті