Ресей үкіметі Еуропа мен оның демократиялық институттарына қарсы бағытталған «басты дұшпан». Осылай деген британдық Қауіпсіздік қызметінің (MI5) жетекшісі Эндрю Маркер, Кремль басшылығы террористік топтарға қолдау көрсетеді деп мәлімдеме жасады. Бұл туралы хабарды euronews.com агенттігі жариялады.
Ұлыбритания Қауіпсіздік қызметі басшысының осы мәлімдемесі арқылы Ресей туралы емес, қазіргі таңдағы Ресей басшылығы туралы айтқаны түсінікті. Лондон Мәскеуге Сергей Скрипальдың улануына қатысы бар және химиялық шабуыл жасау үшін Сүрия билігіне қолдау көрсетеді деп, кінә артады. Сонымен қатар, ол «Ислам мемлекеті» тобының талқандалғанына қарамастан, террористер тарапынан қауіптің әлі де бар екенін айтты.
Эндрю Паркер, Ұлыбритания Қауіпсіздік Кеңесі басшысы:
«Өткен жылы наурыз айында Вестминстердегі шабуылдан кейін, біз «Ислам мемлекеті» тарапынан дайындықтары жүргізіліп жатқан 12 террористік жоспарды әшкереледік. Біздің қолымызда сол жоспарлардың барлығының елімізге террорлық шабуылдар болып қайтып оралатынан болжам жасай алатындай негіз бар», - деді.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті