Қазір Корей түбегінде келіссөздер қадамы жиілеп, бейбітшілік процесі қалыптасуда. Солтүстік Корея болса, ядролық қарусыздану уәдесін берді, және олар бұл процесті біртіндеп жүзеге асыруды қалайды. Алайда, Құрама Штаттың оған сабыры жетер емес. Олар Солтүстік Корея бір мезетте ядролық қаруларын жойып, баллистикалық зымырандарынан бас тартса деп үміттенеді. Бұл қазіргі АҚШ-Солтүстік Корея қатынасындағы ортақтаса алмай тұрған ең негізгі мәселенің бірі.
Сарапшылар болса, АҚШ-Солтүстік Корея Трамп-Ким келіссөзінің сәтті аяқталуы үшін, осы келіспеушіліктерді ескере отырып, екі тарап әртүрлі перспективалар туралы алдын ала келісулері керек деп қарайды.
Екі күн бұрын АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Пиоңяң (Пхеньян) сапарын аяқтады. Солтүстік Кореядағы сапарында ол Ким Жоң Унмен кездесіп, алдағы Трамп-Ким келіссөзіне негіз қалады деуге болады. Ол кезекті сапарында Солтүстік Кореяда қамауға алынған америкалық азаматтарды еліне алып қайтты. Помпео АҚШ-қа жетісімен: «Мен бұл жолы Ким мырзамен ұзақ әңгімеде болып, президентпен кездесу саммитін толықтай кеңестім»,– деді.
Трамп та Твиттер парақшасында Помпеоның келіссөз туралы толықтай келісімге келіп қайтқанын растады. Президент Трамп министрлер кабинетінің жиналысында, үш күн ішінде келіссөз уақыты мен орны туралы соңғы мәліметтің таратылатыны, алайда екі Корея арасындағы «Келісім сарайында» өткізу туралы ұсыныстың қабылданбағанын айтқан. Бүгінгі хабарларда Трамп пен Ким арасындағы кездесудің Сингапурде 12 маусым күні болатыны анықталды.
Дегенмен, мемлекеттік хатшы Помпео келіссөзде талқыланатын ядролық қарусыздану мәселесі, оның тезірек жүзеге асыру туралы пікір бірлігіне келе алмағанын мойындады.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер