Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мен Ресей басшысы Владимир Путин телефон арқылы сөйлесті.
Тілдесу барысында Режеп Тайып Ердоған мен Владимир Путин АҚШ-тың ядролық келісімнен шығуы жөнінде әңгіме қозғаған және Дональд Трамптың бұл шешімінің үлкен қателік екендігін айтқан. Бұдан бөлек екі ел басшылары Сүрия мәселесін талқылап, аталмыш мәселеде алдағы уақытта бірлесіп жұмыс істеуге уағдаласқан.
Естеріңізге салайық, мамыр айының 8-і күні АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен жасалған ядролық келісімнен шығатынын мәлімдеген. Оның бұл шешімін АҚШ-тың экс-президенті Барак Обама қатаң сынға алып, «Трамптың Иранға қатысты шешімі үлкен қателік» - деген.

















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды