Ресейде Латвия елшілігіне шабуыл жасалды – деп хабарлайды Корреспондент интернет басылымы.

Мамыр айының 9-ы күні Латвия сыртқы істер министрі Эдгар Ринкевич аталмыш жағдайға байланысты өзінің Twitter парақшасына: «Мәскеу қаласындағы Латвия елшілігіне шабуыл жасалды. Латвия Ресей сыртқы істер министрлігіне дипломатиялық өкілдіктер қауіпсіздігін тиісті деңгейде қамтамасыз етуді талап етіп, қарсылық нотасын жолдайды. Ресей билігі мұндай арандатушы әрекеттерге жол бермеуі тиіс» - деп жазған.

"РИА Новости" ақпарат агенттігінің мәліметінше, Латвия елшілігіне тіркеуден өтпеген «Өзге Ресей» партиясының белсенділері шабуыл жасаған. Олар өздерінің бұл әрекетін "Латвияда азаматтық белсенді Владимир Лидерманның қамауға алынуына қарсылық" - деп түсіндірді. Либерман Латвия билігінен орыс мектептерін қайта қалпына келтіруді талап етіп, түрлі бастамалар көтерген.

“The Qazaq Times”