Солтүстік Корея өзінің сағаттық белдеуінен бас тартып, оңтүстіккореялық уақытқа қосылды. Бұл туралы Кореяның Орталық телеграф агенттігі (KCNA) хабарлаған.
Агенттіктің хабарлауынша, 5 мамырдан бастап, Пхеньян Оңтүстік Кореяның сағаттық белдеуіне өтпек. Корей жарты аралының оңтүстік және солтүстігіндегі уақытты бірізділікке салу үшін Пхеньян 5 мамырға 4 мамыр күнгі түнгі сағат 23:00-де, яғни бір сағат бұрын өтіп кеткен.
Өзіндік сағаттық белдеуден бас тарту — бұл КХДР мен Оңтүстік Корея лидерлерінің арасындағы тарихи саммиттен кейінгі алғашқы тәжірибелік қадам десе болады. Еске салайық, 2015 жылы Солтүстік Корея Екінші дүниежізілік соғыстың аяқталуы мен Жапониядан азаттық алуының құрметіне өзіндік сағаттық белдеу құрған болатын.
27 сәуір күні қос Корея президенттерінің екеуара кездесулерінде екі ел басшылары бірдей сағаттық белдеуге өту керектігі туралы ортақ мәмілеге келген еді. Енді, Солтүстік Корея өз тарапынан алғашқы қадамын жасағандай.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел