Армения парламентінің оппозициялық фракциялары «Елк», «Дашнакцутюн», «Царукян» премьер-министр лауазымына Никол Пашинянды қайтадан ұсынуда. Бұл туралы сәрсенбі күні орталық алаңдағы жиында Пашинянның өзі хабарлады.
Ол сондай-ақ, бейсенбі күні, яғни бүгін азаматтық бағынбаушылық науқанының болмайтынын айтып, өз жақтастарын бір күндік үзіліс жасауға шақырды. Кеше наразылық білдірушілер Армениядан Иран мен Грузияға дейінгі автожолдарды жауып, Никол Пашинянның премьер-министр болып сайлануын талап еткен болатын.
Еске салайық, 1 мамыр күні парламент депутаттары Пашинянның кандидатурасын кері қайтарған еді. Премьер-министр кандидатурасына кезекті дауыс беру 8 мамырда өтеді. Билік партиясы оппозиция ұсынған кандидатты қолдайтынын хабарлады.
















Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?