Нью-Йорк қаласында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев бейбітшілік, қауіпсіздік және тұрақты дамудың өзара байланысы мәселелеріне арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының бірқатар іс-шараларына қатысты. Бұл туралы ведомствоның ресми сайтында хабарланды.
23 қаңтарда Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілдігі Беларусь және Суринам делегацияларымен, сондай-ақ БҰҰ Даму бағдарламасымен (БҰҰДБ) бірлесіп «Ілгерілеу және тұрақты даму мақсатында жауапты басқару, қарусыздану және таратпау» атты іс-шара ұйымдастырды. БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі және БҰҰДБ-ның Еуропа және Азия бойынша өңірлік бюроның директоры Джихан Султаноглу іс-шараның модераторы болды. Жиын барысында БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасы Питер Томсон, ЭКОСОС төрағасы Фредерик Шава, БҰҰ Бас хатшысының Экономикалық және әлеуметтік мәселелер бойынша көмекшісі Ленни Монтьел, Беларусь Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары Валентин Рыбаков, БҰҰ жанында аккредиттелген дипломатиялық миссиялардың және академиялық топтардың өкілдері сөз сөйледі.
Қазақстанның Сыртқы істер министрінің орынбасары өз сөзінде қатысушылардың назарын Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық бастамаларына, оның ішінде «Әлем. XXI ғасыр» Манифесіне және БҰҰ мүше мемлекеттердің жыл сайынғы қорғаныс бюджетінің 1% Ұйымның тұрақты даму қорына бөлу туралы идеясына аударды. Соңғы бастама қаржылық ағымдарды қорғаныс кешенінен БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарына қайта бағыттауға мүмкіндік береді.
24 қаңтарда Е. Ашықбаев БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасы бастама еткен «Барлығы үшін тұрақты әлемді құру: 2030 жылға дейінгі Тұрақты дамудың күн тәртібі және бейбітшілікті қолдау» тақырыбындағы Жоғары деңгейлі сұхбаттың ашылуына қатысты. Іс-шараға қатысқан БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш, БҰҰ БА төрағасы П. Томсон, ЭКОСОС төрағасы Ф. Шава, БҰҰ Хатшылығы басшылығының лауазымды тұлғалары, дипломаттар, үкіметтік емес ұйымдардың, азаматтық және академиялық қоғамдастық өкілдері БҰҰ жүйесі шеңберінде және одан тыс пәнаралық сұхбаттың негізінде жаңа идеялар мен бастамаларды әзірлеу және ілгерілету арқылы тұрақты дамуды іске асыруға және бейбітшілікті қолдау мақсатында пікір алмасты.
Е. Ашықбаев Қазақстанның ұлттық деңгейде БҰҰ-ның тұрақты даму саласындағы ғаламдық күн тәртібін іс жүзінде жүзеге асыру бойынша атқарып отырған іс-шаралары, соның ішінде еліміздің халықаралық келісілген міндеттемелерге бейілдігі туралы ҚР Парламенті Сенатының мәлімдемесі туралы ақпараттандырды.
Сонымен қоса, Е. Ашықбаев Беларусь Сыртқы істер министрінің орынбасары В. Рыбаковпен екіжақты кездесу өткізді.
«The Qazaq Times»


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі