АҚШ Польшаға әскер кіргізбек – деп хабарлайды "Defence 24" басылымы.
"Defence 24" мәліметінше, Пентагон Техас штатында орналасқан танк бригадасын "Atlantic Resolve" әскери операциясы аясында Польшаға аттандырмақ. Алдын ала болжам бойынша, жаз айларында Пентагон Еуропаға 3 мың сарбазын, 90-ға жуық "Abrams" танк пен "Bradley" әскери автокөлігін және 18 жылжымалы "Paladin" зеңбіреген жөнелтеді.
Былтырғы жылы ресми Уашингтон мен Варшава Польшаға америкалық "Patriot" және "IBCS" құрылғыларын тасымалдауға байланысты келісімге қол қойған еді. 2017 жылдың қараша айында АҚШ мемлекеттік департаменті Польшаға "Patriot" зымыран құрылғыларын тасымалдауға рұқсат берген.


















Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап