Армениядағы премьер-министр сайлауына жалғыз өзі түскен оппозициялық топтың лидері Никол Пашинян премьер-министр ретінде сайлану үшін жеткілікті дауыс жинай алмады, деп хабарлайды yeniakit.com агентігі.
Оған тек 45 депутат ғана дауыс берген. Ал премьер-министр болып сайлану үшін оған әлі 53 дауыс керек. Биліктегі Республика партиясы жақтастарының барлығы «жоқ» дауысын қолданған. Енді Арменияның заңына байланысты жаңа дауыс беру науқанын күту үшін Пашинянға 7 күн күту керек. Егер екінші сайлаудан да ешқандай нәтиже шықпаса, парламент бірден таратылады. Өздері ұсынған кандидаттың сайланбағанын естіген Пашинянның қолдаушылары қарсылық шараларын «жеңіске жеткенше» жалғастыра беретіндіктерін айтты. Сайлаудан кейін сөз алған Пашинян, «Менің сайлаудан өтпей қалғанымда тұрған ештеңе жоқ. Мәселе, сендердің халықтың жеңіске жетуіне қатысты ұстанымдарыңыз. Олардың бәрібір жеңіске жетпей қоймайтындарын да жақсы білесіңдер» , - деді.
Аталған оқиғадан кейін Пашинян елдегі әуежайларды жауып, көшелер мен метролардың жұмысын тоқтатуға үндеп, өз қарсылығын жалғастыруда.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті