АҚШ президенті Дональд Трамптың серіктесі Феликс Сатер Виктор Храпунов пен Мұхтар Әбілязовтан 21 миллион доллар қаржы алған.
Daily News басылымының мәліметінше, Виктор Храпунов пен Мұхтар Әбілязов Феликс Сатерға Цинциннати орталығындағы сауда кешендерін сатып алу үшін 30 миллион доллар ақша берген. Жоспар бойынша, Сатер сатып алған сауда кешенін кейін Қытайдың APIC компаниясына 45 миллион долларға сатуы тиіс болған.
АҚШ соты Сатерге «жемқорлықпен келген 45 миллион доллар қаржыны тазарту арқылы 21, 5 миллион доллар пайда тапты» - деген айып таққан. Аталмыш мәселеге байланысты Daily News журналистері Виктор Храпуновтың адвокаттарына сауал жолдаған. Бірақ Храпунов қорғаушылары ешқандай мәлімет бер алмайтындықтарын айтқан. Ал Мұхтар Әбілязовпен қандай да бір байланыс орнату мүмкін емес болған.
Жалпы, АҚШ басылымдары Храпунов пен Сатердың байланысы бар екендігін бұған дейін де жазған. Осыған дейін БАҚ беттерінде Феликс Сатердің «Telford International Ltd» компаниясы арқылы Виктор Храпуновтың жемқорлықпен тапқан 40 миллион доллар қаржысын АҚШ-тың жылжымайтын мүлік саласына салғандығы жөнінде ақпараттар шыққан. Бұдан бөлек Сатер Храпунов қаржыларын Кипрдың FBME банкіне аударуға көмектескен. Осыдан кейін үш жылдық тексеру жұмыстары нәтижесінде 2017 жылы АҚШ прокуратурасы FBME банкін жабқан.