Биылдан бастап мектеп түлектері ҰБТ-ны ағылшын тілінде тапсырады
Сәуір айының 25-і күні халықпен кездесу барысында Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев: «Биыл түлектер ҰБТ-ны ағылшын тілінде тапсыра алады. Қазірдің өзінде 200-ге жуық бала ағылшын тілінде тест тапсыруға өтініш білдірді. Бірақ бұған қарамастан ҰБТ заңы өзгермейді. Оқушылар бұрынғысынша бес пәннен тест тапсырады. Олардың үшеуі негізгі пән де, қалған екеуі таңдау пәні» - деген.
Бұдан бөлек Ерлан Сағадиев Астана қаласындағы ЖОО-да болған IELTS сертификатын заңсыз алып оқуға түскен 117 студенттің дауына байланысты журналистер алдында жауап берді. Онда ол: «Студенттердің бір бөлігі сотқа шағымданды. Десе де, заң орындалуы тиіс. Университеттердің оларды оқудан шығарғаны дұрыс» - деген.
“The Qazaq Times”


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?