Ауғанстанның орталық қаласы Кабулда жанкешті шабуылынан 31 адам қаза тапты. Шабуылда Кабулдың Кале-и Назыр аймағындағы бір сайлау орталығында болған. Жарылысты ДАИШ ұйымы өз мойнына алған. Бұл туралы «Шинлаң» ақпараттық сайты хабарлады.
Денесіне жарылғыш байлаған жанкешті сайлау орталығына келген жұртшылық арасына кіріп, өзін жарып жіберген. Шабуылдан 31 адам қаза болып, 50-ден астам адам түрлі жарақат алған. Жергілікті үкімет жаралылар арасында жағдайы ауыр адамдар көп екенін, қаза болғандар санының арта түсуі мүмкін екенін мәлімдеген.
ДАИШ ұйымы шабуылды өз мойынына алғанын мәлімдеген. Ауғанстанда алдағы уақытта болатын депутаттық сайлауға байланысты, сайлаушылар алдын ала құжаттарын тіркеуден өткізу жұмыстарын істеуіне тура келген.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі