Парламент сенаты Қазақстан мен Құрама Штаттар арасында Ауғанстанды тұрақтандыру және қалпына келтіруге байланысты Қазақстанның теміржол транзиті арқылы жүк қамтамасыз ету жөніндегі хаттамаға өзгерістер енгізу жөніндегі ратификацияны қабылдады. Бұл туралы Орталық Азия жаңалықтар қызметі хабарлады.
Заң жобасында Ақтау және Құрық порттарын да транзиттің бір бөлігі ретінде енгізген. Бұл Каспий теңізі арқылы Ауғанстанға теміржол тасымалын қамтамасыз етеді.
Аталған маршрутты америкалық тарап «балама» ретінде қарастырады және жүкті Әзербайжаннан Каспий теңізі арқылы қазақстандық Ақтау және Құрық портына жеткізіп, әрі қарай теміржолмен Өзбекстан аумағы арқылы Ауғанстанға жөнелтеді.
Хаттамаға 2017 жылдың 21 қыркүйегінде Нью-Йоркте қол қойылған. «Бұл транзиттің іске асуы Ауғанстанда бейбітшілік пен тұрақтылықты қалайтын Қазақстан мүддесіне толығымен сәйкес келеді»,- деп сенаттың халықаралық қорғаныс және қауіпсіздік комитеті есеп берген.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті