Бүгін АҚШ президенті Дональд Трамп Жапонияның бас уәзірі (премьер-министрі) Шиндзо Абемен (Синдзр Абэ/ Shinzo Абе)кездесті. Ақ үй мәліметіне қарағанда, Трамп пен Абе арасындағы келіссөз «өте белсенді» түрде өтіп жатыр әрі келіссөз кездесуі екі күнге ұласады. Бұл туралы VOA ақпараттық агенттігі хабарлады.
Ақ үйдің баспасөз мәлімдемешісі дүйсенбі күнгі мәлімдемеде, екі басшы арасындағы келіссөз тақырыбы Солтүстік Кореямен болатын келіссөзге дайындалу негізінде өтетінін айтқан еді. Оған қоса АҚШ-Жапония арасындағы сауданы дамыта түсу туралы да кеңеспек.
Шиндзо Абе Трамппен бұған дейін де кездескен. Тіпті, Трамп Ақ үй төріне отырғаннан бері ең көп рет кездескен шетелдік лидер. Солтүстік Корея мәселесі екі ел басшысын да ортақ алаңдататын мәселе. Енді міне, АҚШ президенті Солтүстік Корея басшысы Ким Жоң Унмен тарихи кездесу өткізуге дайындалып отыр.
Жапон бас уәзірі Трамп пен Ким арасындағы кездесуден бұрын, Ақ үй басшысымен алдын-ала кездесу өткізіп, маңызды мәселелер туралы кеңесуді үміт еткен. Ол және Трампқа кездесуден бұрын АҚШ тарабы өзінің Солтүстік Кореяға қысым түсіру ұстанымында жалғасты тұрады және Солтүстік Кореяның ядролық қарулары мен зымыран сынақтарын біржола тоқтатады деп үміттенетінін мәлімдеген еді.
Құрама Штат пен Жапония басшылары арасындағы кездесудің толық мазмұны туралы қазірге нақты мәлімет жоқ.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді