Күні кеше Франция президенті Эммануэль Макрон Сүрияда ұйымдастырылған шабуыл арқылы Ресей мен Түркия арасындағы қарым-қатынасты бұзғанын айтқан еді. Бүгін Кремль Макронның осы мәлімдемесіне жауап қайтарып, оның сөздерін теріске шығарды.
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Сүрияға қарсы жасалған шабуылдың Ресей мен Түркияны (бір-бірінен) айырмағанын айтты. Песков: «Мәскеу мен Анкараның көптеген мәселелерде мүлде кереғар көзқараста екенін көпшілік біледі. Бұл ешкім үшін сыр емес. Алайда, бұл жағдай пікір алмасуға немесе екіжақты кездесулерімізде осы өзгешеліктер талқылауды жалғастыруымызға кедергі емес. Ең маңыздысы — осы өзгешеліктер, ірі экономикалық жобалар мен өзге де түрлі жобаларда ынтымақтастығымызды жан-жақты дамытуымызға әсер етпейді» , - деді.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті