«Алжирдегі әскери ұшақ апат салдарынан кем дегенде 257 адам көз жұмды» , - деп хабарлайды «Рейтер» ақпарат агенттігі «Ennahar TV» телеарнасына сілтеме жасап.
Ил-76 әскери ұшағы Алжир астанасына жақын маңда орналасқан авиабазадан ұшып кеткеннен кейін құлаған. Апатты оқиға Буфарик әуежайына жақын жерде орын алған. Апаттың себебі әзірге белгісіз. «Би-Би-Си» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, қаза тапқандардың 10-ы экипаж мүшелері.
«Франс Пресс» агенттігі ұшақ апатынан тірі қалғандар бар деп хабарлауда. Әуе кемесінде болғандардың аты-жөндері анықталу үстінде.
Естеріңізге сала кетсек, кеше Алжирде ұшақ апаты болған еді. «Әл-Арабия» агенттігінің мәліметінше, ұшақ елдің солтүстігінен оңтүстік-батысына бағыт алған. Сол елдің Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, жолаушылардың көпшілігі әскерилер мен олардың туыстары.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті