Freedom House ұйымы автократиялық басқару жүйесіндегі елдердің тізімін жариялады.
Оған ТМД елдері арасында Қазақстан, Өзбекстан, Ресей, Түркіменстан, Әзірбайжан, Тәжікстан және Беларусь кірген. Freedom House мәліметінше, аталмыш жеті мемлекеттің ішінде Ресей билігі саяси бәсекелестері мен азаматтық белсенділерді жиі қудалайды. Ал қалған мемлекеттерде салыстырмалы түрде алғанда жағдай орташа деңгейде. Бірақ 2017 жылы Өзбекстан билігі өзге автократиялық жүйедегі мемлекеттерге қарағанда сөз бостандығына қойылатын шектеулерді азайтқан. Осыған байланысты биыл Freedom House ұйымы Өзбекстанға автократиялық жүйедегі мемлекеттер арасындағы «жарқын белгі» деген атақ берген. Бірақ ұйым өкілдері Шавкат Мирзиеев билігін әлі де болса Ислам Кәрімовтан қалған жүйені толықтай өзгерте алмай отырғанын айтады. Атап айтқанда Мирзиеев билігі адамдарды тұрғылықты мекен-жайы бойыша бақылауда ұстау және экономиканы басқару жүйесін әлі күнге дейін өзгертпеген.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?