Өзбекстан және Қырғызстан премьер-министрлері Қырғыз Республикасы азаматының өліміне алып келген өзбек-қырғыз шекарасында болған оқиғаны талқылады.
Өзбекстан үкіметінің баспасөз қызметі таратқан ақпарат бойынша, Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Арипов 8 сәуір күні қырғызстандық әріптесі Сапар Исаковпен телефон арқылы сөйлескен. Әңгіме барысында үкімет басшылары сәуір айының 7-і күні Қырғыз Республикасының 1984 жылы дүниеге келген М.Ф.М есімді азаматының өліміне алып келген өзбек-қырғыз шекарасында болған оқиғаны талқылады. Нәтижесінде қос тарап 9 сәуір күні шекара қызметі басшылары деңгейінде кездесу ұйымдастыруға уағдаласқан.
Естеріңізге салайық, сәуір айының 7-і күні Қырғызстанның Жалал-Абад облысына қарасты Аксы ауданында өзбекстандық шекарашылар 34 жастағы Қырғызстан азаматына оқ атқан. Салдарынан М.Ф.М есімді азамат жергілікті ауруханалардың бірінде көз жұмған.

















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды