Моңғолияның премьер-министрі У. Хүрэлсэхтің шақыртуымен Түркия республикасының премьер-министрі Бинали Йылдырым Моңғолия ресми сапармен барды. Түркия үкімет басшысын "Шыңғыс хан" әуежайында сыртқы істер министрі Д.Цогтбаатар мен Түркиядағы Моңғолия елшісі Р. Болд күтіп алды. Премьер-министр У. Хүрэлсэх Түркия премьер-министрімен кездесу өткізіп, екі елдің қарым қатынас және де басқа мәселелерді талқылады. Бұл туралы Моңғолияның "CAAK" агенттігі хабарлады.
Кездесу барысында Түркияның Монголиямен болған сауда көлемінің аз екенін білдірген Йылдырым «30 миллион доллар сауда көлемін қысқа мерзім ішінде 300 миллион долларға жеткізуіміз керек» деді. Алдымыздағы жылы екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастарының 50 жылдығы екенін түсіндірген премьер-министр Йылдырым, екі ел сауда көлемінің 10 есеге арттыру керектігін атап өтті. Осыдан кейін үкімет басшылары екі ел арасындағы бірқатар келісімдерге қол қою рәсіміне қатысты. Бұл рет Түркия мен Монголия арасында 7 жаңа келісім жасалды.
Моңғолия сапары барысында Бинали Йылдырым Моңғолия президенті Х. Баттулга және мәжіліс төрағасы М. Энхболддар мен де жолықты.
Йылдырым Монголия ғылымдар академиясын зиярат етіп, бұл жерде Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі ТИКА-ның Монғолиядағы жобаларының ашылу рәсіміне қатысады. Бинали Йылдырымның Монғолия сапарына премьердің орынбасары Хакан Чавушоғлұ, Мәдениет және туризм министрі Нуман Куртулмуш, Қатынас, теңіз және коммуникация министрі Ахмет Арсан қатарлы бірқатар үкімет лауазымдылары еріп барған.
Тұлпар Жәнібек