АҚШ-та әскери тікұшақ апатқа ұшырады – деп хабарлайды АР News ақпарат көзі.
Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметінше, АҚШ әскери теңіз күштеріне тиесілі Super Stallion тікұшағы Сан-Диего қаласындағы Miramar станциясынан ұшып шығып, Мексикамен шекаралас Эл-Центро елді мекенінің маңында апатқа ұшыраған. Апаттан көз жұмған төрт адамның аты-жөнін заң бойынша туған-туыстарына естірткеннен кейін 24 сағаттан соң жариялайды. Әзірге тікұшақтың не себептен құлағаны белгісіз. Қазіргі таңда оқиға орнында арнайы топ жұмыс істеуде.
СН-53Е Super Stallion АҚШ арсеналындағы ең үлкен тікұшақ. Ол ауыр жүк пен мина тасымалдауға арналған. СН-53Е Super Stallion Пентагонның Ауғанстан мен Ирактағы әскери операцияларына пайдаланылған.


















Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?
31 мамыр: Ұмытылған әлде билік әдейі ұмыттырғысы келген тарих па?