Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мен Ресей басшысы Владимир Путиннің бүгін, яғни 3-сәуірде Анкарада ресми кездесу өткізетінін бұдан бұрын да хабарлағанбыз. 4-сәуірде Иран басшысы Хасан Руханимен де кездесулері жоспарланған Путин мен Ердоғанның осы жиыннан бір күн бұрын кездескенде не талқылайтындары көпшілікті қызықтырғаны рас.
Осыған байланысты "Twitter" әлеуметтік желісінде жазбамен бөліскен Ердоған: "Ресей президенті, құрметті досым Владимир Путинмен бірге Түркия мен түрік-орыс қарым-қатынасының келешегі үшін маңызды қадам болып саналатын 20 млрд. долларлық инвестиция "Аккую" атом электр станциясының негізін қалаймыз", - деді.
Негізінде, "Аккую" атом электр станциясы үшін үкіметаралық келісімшартқа 2010 жылы қол қойылған еді. Электр станциясының бірінші реакторы 2023 жылы іске қосылады деп жоспарлануда. Ал басқа реакторлардың араға бірнеше жыл салып іске қосылатыны белгілі.
Осылайша, әрбірінің сыйымдылығы 200 мың МВт (Мега Ватт) болатын 4 реактордан тұратын электр станциясының 2026 жылы толықтай аяқталатыны көзделуде. Шамамен 20 млрд. доллар жұмсалатын осы жобаның Түркияның бүкіл электр энергия қажеттілігінің 7.7 пайызын қамтитыны жоспарлануда.

















Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні