Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов «Қазақстан бюджетінің 2018 жылғы шығыны 30 миллиард долларды құрады» – деп мәлімдеді.
Сәуір айының 3-і күні Астана қаласында өткен үкімет отырсында Бақыт Сұлтанов ел бюджетінің биылғы шығыны жөнінде мәлімдеме жасады. Министр мырзаның сөзінше, 2018 жылы Қазақстан бюджетінің шығыны 9 трлн 643 млрд теңгені (30 млрд 134,4 млн долларды) құрайды. Оның 292,5 млрд теңгісі президент жолдауына байланысты Назарбаев университетінің дамуына, мұғалімдер жалақысын арттыруға және мүгедек жандарды күтушілерге жұмсалады.
Ал ауыл-аймақтарды ауыз сумен қамтамасыз етуге қосымша 31 млрд теңге, салынып жатқан тұрғын үйлердің инфрақұрылымдарына 31,5 млрд теңге, жергілікті тас жолдарды жөндеуге 29 млрд теңге және киберқылмыспен күресуге 71 млрд теңге бөлінбек.