Сәуір айының 1-де АҚШ-тың Мэриленд штатына қарасты Балтимор қаласында өткен "Солтүстік Америкадағы Ислам шеңбері" (The Islamic Circle of North America) атты конгресте ұйғырлар қытайларды сынағандары үшін қуылды", - деп қабылдайды "New york" (qha) агенттігі.
Салих Хүдаяр атты ұйғыр белсендісінің айтуынша, конгрес модераторы болған қытайлық мұсылман, Қытайда ислам дінінің жақсы қабылданатынын, ондағы мұсылмандардың ешқандай қысым көрмей өмір сүріп жатқандарын айтқан. Оның осы сөзіне қарсы жауап берген ұйғырлар Шығыс Түркістанда болған оқиғалардың неге сөз етілмегенін сұрап, қарсы шыққан. Конгрес модераторы өзінің бұдан хабары жоқ екенін, конгресте саяси мәселелердің талқыланбайтынын айтқан. Алайда, мұсылмандар мұның саясатпен ешқандай байланысы жоқ деп, Қытайда адам құқықтары мен дін бостандығына қиянат жасалғанын алға тартқан. Осыған байланысты Салих Хүдаяр бастаған мұсылман ұйғырлар конгрестен қуылған. Дереу осы келеңсіз оқиғаның артынша әлеуметтік желілерде аталған жайтқа қатысты көптеген сөздер жарияланды. Кейбір ұйғыр белсенділері конгрестің Қытаймен байланысы болуы мүмкін екенін айтуда.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді