Құрама Штаттан шығып кетуге бұйырылған орыс дипломаттарының алғашқы тобы Ресейдің Уашингтондағы (Вашингтон/Washington) елшілігінен кетті. Бұл туралы «Шинлаң» ақпараттық ABC арнасына сілтеме бере отырып хабарлады.
АҚШ үкіметінің шешімі бойынша тізімдегі ресейлік 60 дипломатия қызметкері Құрама Штаттан кетуі керек. Оларға берілген шекті мерзім бүгін аяқталады (АҚШ-тың жергілікті уақытымен 2 сәуірге дейін). АҚШ үкіметінің шешімі бойынша 2 сәуірге дейін аталған ресейліктер Уашинтондағы елшіліктен кетуі және барлық заттарын шығарып алуы керек. Ресей тарабы дипломаттарын елге қайтару үшін арнайы екі ұшақ жіберген. Ресейлік дипломаттардың алғашқы тобы бір күн бұрын АҚШ-тан шығып кетті. Құрама Штаттағы Ресейдің консулдығы жабылды.
Сергей Скрипалға жасалған химиялық шабуылдан кейін Батыс пен Ресей арасы ала қойдай бүлініп, соңы дипломатиялық соғысқа ұласты. Еуропа мен Американың 22 елі 130-дан астам ресейлік дипломатты елден қуды. Мәскеуде бұның қарымта шабуылын жасап, АҚШ дипломаттарын елінен шығарды.
Осыдан бұрын АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялап: «Ресей дипломаттарды шығарумен өзін ақтап ала алмайды», – деген болатын.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы