Апта соңында, Түркияның әскери-әуе күштері елдің шығыс шекарасына жақын Аманос таулы аймағында террорлық топқа қарсы қарулы әуе шабуылын жүргізді. Қарулы күштердің берген мәліметіне қарағанда террорлық ұйымның 6 мүшесі өлтіріліп, қару-жарақтары тәркіленген. Қолға түскен қару-жарақтар арасында зымырандар да бар делінген. Бұл туралы «Анадолы» ақпараттық агенттігі хабарлады.

Түркия қарулы күштерінің бұл қарулы операциясы PKK бөлшектеуші террорлық ұйымы деп аталатын қарулы топқа бағытталған. Алдын ала тергеу-тексеру нәтижесінде Аманос таулы аймағындағы ауылды жерлерде аталған ұйымның тұрақтары бар екені анықталған.

PKK күштерінің жасырын тұрақтары Түркия мен Сүрия шекарасына жақын маңда орналасқаны, онда қарулы топ мүшелері белсенді әрекет етіп жатқаны туралы мәліметтер бар.

“The Qazaq Times”