Ресей елшісі «Скрипаль ісінің» артында кім тұрғанын айтты – деп хабарлайды РИА Новости ақпарат агенттігі.

НТВ телеарнасына сұхбат берген Ресейдің Ұлыбританиядағы елшісі Александр Яковенко: «Бізді «Скрипаль ісіне» араластырмай отыр. Бізбен қандай да бір әріптестік орнатуға құлықсыз. Ұлыбритания Ресейді арандатып отыр. «Скрипаль ісінің» артында Ұлыбритания арнайы қызметі тұр» - деген.

Естеріңізге салайық, бұған дейін Ұлыбританияда Ресейдің бұрынғы барлау қызметкері Сергей Скрипаль мен оның қызына қастандық жасалған. Тексеру барсында экс-агент пен оның қызына жүйке жүйесін зақымдайтын у берілгендігі анықталған. Ұлыбритания сарапшыларының сөзінше, аталмыш у Ресейде жасалған және Скрипальды Ресей агенттері өлтірмек болған.

“The Qazaq Times”