Сүрия мемлекеттік ақпарат агенттіктері мен тілшілері Шығыс Гутада қалған "Жейш әл-Ислам" (Ислам әскері) атты соңғы көтерілісшілер тобының аталған аймақтан кететіндеріне қатысты Сүриямен келісімге келгенін хабарлауда.

Екіжақты келісөздерге арналған кездесулерде "Жейш әл-Ислам" тобының Шығыс Гутадан шығарылуына қатысты мәселе жан-жақты талқыланған. Сүрия мемлекеттік агенттігі "Сана" (SANA), "Жейш әл-Ислам" тобының Алеппоның солтүстігіне кететінін хабарлағанмен, Лондонда орналасқан әрі осы оппозициялық топқа біртабан жақын саналатын Сүрия Адам құқықтары жөніндегі ғылыми мекемесі аталған топтың Сүрияның Әл-Баб қаласына қарай бет алатынын айтқан. Егер осы мәлімет расталса, Сүрия президенті Башар Асад ел астанасы Шамға (Дамаск) жақын жердегі ең соңғы көтерілісшілер тобына тиесілі бекіністі де алып, өте маңызды әскери-саяси жетістікке жеткен болып саналады. Сондай-ақ, Сүрия мемлекеттік телеарналары аталған топпен бірге оның қару-жарақтарының да тәркіленетінін хабарлап отыр.

"Хизбуллаһ" ливандық шииттік әскери ұйымына жақтас ақпарат ұйымы да осы келісімнің өте жақын күндері жүзеге асырылатынын мәлімдеді. Сонымен қатар, көтерілісшілер тобының беті қайтарылғаннан кейін Сүрия үкіметінің мақұлдауымен жергілікті бір кеңестің құрылатыны да белгілі болды.

Фото: Reuters

Сүриядағы қақтығыс ушыққан аймақтарды бақылауға жауапты Иран, Ресей және Түркияның көтерілісші топтың қолындағы әскери тұтқындарының азат етілулері үшін көмекке келетіндіктері хабарланған.  Дегенмен, Рейтер (Reuters) ақпарат агенттігі қойған сұрақтарға жауап берген ұйымның саяси белсендісі осы айтылғандардың бәрін жоққа шығарып: "мұндай жаңалықтармен "психологиялық соғыс" жүргізуге тырысуда" , - деген.

Қазіргі уақытта Сүрия билігі алты аптадан бері жалғасқан бомбалау әрекеттерінің артынша Шығыс Гутаның 95 пайызын бақылауға алған. Сүрия Адам құқықтары жөніндегі ғылыми мекеме осы бомбалау әрекеттері кезінде 1.600 бейбіт тұрғынның қаза тапқанын хабарлады. Кейбір сарапшылардың Сүрия үкіметі мен аталған көтерілісшілер тобының арасындағы келісім арқылы Шығыс Гутада соңғы апталарда барлығы 46 мың тұрғын мен әскери қызметкерлердің  көшірілгенін болжауда.

“The Qazaq Times”