Грузия экс-премьер-министрі Ника Гилаури Өзбекстанға көмектесетін болды.
Repost.uz ақпарат көзінің мәліметінше, Грузия Респубилкасының бұрынғы премьер-министрі, аты шулы Михаил Саакашвилидің экономистер командасының мүшесі Ника Гилаури Өзбекстанның 2020 жылға дейінгі салық реформасына арналған жобаны талқылауға қатысуда. Гилауридың сөзінше, Өзбекстанда ұсынылып отырған жаңа салық жобасы теңдесі жоқ жоба. Аталмыш жобаның ел экономикасына, бизнесіне, халқына тигізетін пайдасы орасан зор.
Айта кететін бір жайт, Өзбекстанда ұсынылып жатқан жаңа салық жобасы осыдан бірнеше жыл бұрын Грузияда енгізілген болатын. Грузияда салық реформасы жасалғаннан кейін салық саны 21-ден 6-ға қысқарып, 8 жыл ішінде салық жинақтары 10 есеге, ел экономикасы 4 есеге өскен.