Алматы әкімі Бауыржан Байбек қаланың барлық мердігерлік ұйымдарының қатысуымен алдағы уақытта мегаполистің көше-жол желілерін жөндеу мәселесіне қатысты кеңейтілген кеңес өткізді. Алматыда 2018 жылы 157 көшені жөндеу, сонымен қатар Мақатаев, Байтұрсынов және Жароков көшелеріндегі ұзындығы 15,7 шақырым болатын трамвай жолдарын демонтаждау жоспарланған.
Жиын барысында қаланың Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсұт Исахов барлық жөндеу жұмыстарының 2018 жылдың қараша айында аяқталатыны және 24 көше бордюрлерінің толық жаңаратыны, көшелердің 43 пайызының жеке бөліктерінің қайта жасалатыны туралы хабарлады.
Өз кезегінде мегаполис әкімі басқарма жасаған жоспарды қатал сынға алып, жұмыстың нақтылы кестесін жасай отырып, жобалау әдістерін қайта қарауды тапсырды.
Ол мердігерлердің бірнеше күн бойына асфальтты алатын,бордюрлерді шығаратын және асфальт төсеуді ұзаққа созатын ескі әдістерден толық арылуын қадап тұрып айтты.
Айта кетерлігі, қалада бұрынғысынша дұрыс орналаспаған тұрақ қалталары жеткілікті. Тіпті, кейбір учаскелерде көлік иелері автомобильдерін бұрыштап қойып, қозғалыс желісінің өткізгіш қабілетін төмендетіп, апатты жағдайға ұрындырады. Мегаполис басшысы жол жөндегенде осы факторды ескеруді, тұрақ қалталарының бергі беттерін ғана абаттандыруды тапрсырды.
Мегаполис әкімі жол жөндеу барысында көшелердің жабылатын бөліктері туралы тұрғындарға дер кезінде хабарлау керектігін де айтты.
Бауыржан Байбек кеңестің жұмысын қорытындылай келіп, қаланың Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына бір апта ішінде жоспар жасауды, онда әрбір мердігер ұйымдардың қандай жұмыстарды қашан және қалай жүргізетіні, нақтылы мерзімі көрсетілуі тиіс. Оңтайландырылған жұмыс кестесі келесі кеңесте ұсынылуы қажет. Осындай тапсырма қаланың энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасына да берілді.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді