Ресейдің Тергеу комитеті «Кемеровтегі өрт апатында 300 адам қаза болды» деген хабарды таратқан телефон пранкеріне (телефон содыры) қылмыстық іс қозғады. Аталған комитеттің мәліметіне қарағанда, Кемеровтегі өртте қаза болған адамдар саны туралы мақсатты түрде жалған ақпарат таратты деп украиналық Евгений Вольнов атты азаматты айыптаған. Бұл туралы BBC хабарлады.
Ресей Тергеу комитеті мәлімдемесінде: «Вольнов Кемеров қаласындағы сауда орталығында өрт болған кезде, өзін Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі ретінде таныстырып, мемлекеттік мекемелерге қоңырау шалған және аталған сауда орталығындағы өртте 300 адам қаза болды деген жалған ақпарат таратты», – делінген.
Мәліметтерге қарағанда Евгений Вольновтың YouTube каналында парақшасы болған. Оның YouTube-тегі парақшасына жүктеген бұл телефондағы сөйлесу естелігі 340 мың көрілім санын жинап үлгірген. Тергеу комитетінің мәліметінде, Вольнов мәйітханаға қоңырау шалып: «Қанша бос орын бар, қазір 300-дей адамды алып келуі мүмкін», – деген. Комитет Вольновқа «жақындарынан айырылған адамдарды алжастырып, тәртіпсіздік орнатуды мақсат еткен» деген айып тағып отыр.
Евгений Вольновтың таратқан мәліметі қысқа уақытта әлеуметтік желіде кең тарап кеткен. Кемеров қаласындағы наразылық шарасында да тұрғындар қаза болғандардың нақты санын жария етуді талап еткен. Кеше таңертең Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігі апатты жағдайда 64 адамның қаза тапқанын мәлімдеді. Оның ішінде 41 баланың бар екенін растады.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі