АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй Ресей Федерациясының шпиондық жүйесін жоюды талқылады – деп хабарлайды Ақ үй баспасөз қызметі.
Ақ үй мәліметінше, наурыз айының 28-і күні Дональд Трамп пен Тереза Мэй телефон арқылы тілдескен. Сөйлесу барысында қос тарап Солсбери қаласындағы жағдай қайталанбас үшін АҚШ пен Ұлыбритания аумағындағы Ресей барлаушыларының шпиондық жүйесін жою керектігін айтқан және екі жақтық қарым-қатынас, қауіпсіздік мәселелерін талқылаған.
Естеріңізге салайық, 4 наурыз күні Ұлыбританияның Солсбери қаласында Ресей барлау қызметінің бұрынғы агенті Сергей Скрипаль мен оның қызы ес-түссіз күйінде табылған. Аталмыш оқиғадан кейін премьер-министр Тереза Мэй экс-агентті Ресейде жасалған жүйке жүйесін зақымдайдын химиялық затпен улағанын мәлімдеген.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?